RU

Кәсіпкермен жаға жыртысқан әкімнің орынбасары лауазымды қызметінен кетіп тынды

Талдықорған әкімінің орынбасары Асқар Тұтыбаев кабинетінде фермер Алмас Садырбаевпен төбелескен соң қызметінен кеткен. Бұл ақпаратты қалалық әкімдік баспасөз қызметі растады.

"14 қыркүйекте арыз берді, 15 қыркүйекте жұмыстан шығарылды. Өз еркімен", — деп мәлімет берді баспасөз қызметі.

Бұдан бұрын бизнесмен Алмасбек Садырбаев әлеуметтік желіде жазба жариялап, биыл маусым айында бұрын қол қойылған құжаттарға қайта қол қоймағаны үшін Талдықорған қаласы әкімінің орынбасары Асқар Тұтыбаевпен төбелескенін жазған. Оқиға мемлекеттік қызметшінің кабинетінде болыпты.

Тағы оқыңыздар: Алматыда тағы бір автобус жол апатына түсіп, екі адам зардап шекті (фото)

Жазбасында жариялағандай, фермер ауыл шаруашылығы кооперациясы жобаларымен айналысады, жүн өткізгеннен соң 7 миллион теңге көлемінде мемлекеттік субсидия алуға тиіс болатын. Асқар Тұтыбаев өз ар-намысы мен абыройын қорғау үшін ІІМ-не арыз берген.

18 қыркүйекте Талдықорған қалалық соты Алмасбек Садырбаевты Қылмыстық кодекстің 380 бабына сай айыпты деп танып, бір жылға соттаған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1627963-kasipkermen-zhagha-zhyrtysqan-akimninh-o.html