RU

Теміртаулық студенттер дүңгіршекті тонағанымен қоймай сатушыны зорлап кеткен

Теміртауда тағы да қылмыс жасалды. Бұл жолы қарақшылар дүңгіршекті тонап қана қоймай, сатушыны зорлап кеткен деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Теміртауда екі жас жігіт 18 қыркүйек күні түнде қаладағы дүңгіршектердің біріне басып кіріп, 29 жастағы сатушыға зорлық көрсеткен. Мұнымен қоймай олар 20 мың теңге мен «Нокиа» маркалы телефонды қолды еткен.

Тағы оқыңыздар: Алматыда тағы бір автобус жол апатына түсіп, екі адам зардап шекті (фото)

Қарағанды облыстық ішкі істер департаментінің мәліметінше, қылмыс жасады деген күдіктілердің біреуі тіпті кәмелеттік жасқа толмапты. 17 жастағы және 19 жастағы екі жігіт күндіз-түні жұмыс істейтін дүңгіршектің есігін ұстап тұрып, күшпен ішке кіріп, сатушыны зорлаған.

Содан кейін кассадағы ақшаны, ұялы телефон мен тауарларды алып, тайып тұрады. Сатушы құқық қорғау органдарына хабарласқан. Қылмыскерлер құрықталып, олардан айғақты заттар тәркіленді.

«Полиция қызметкерлері Теміртау қаласының екі тұрғынын ұстады. Олар 18 қыркүйек күні дүңгіршектің 29 жастағы сатушысын қорқытып, зорлық жасаған. Содан кейін сауда дүңгіршегінің тауарлары мен кассадағы ақшаны алып кеткен. 23 қыркүйек күні полиция қызметкерлері жүргізген жедел іздестіру шараларының нәтижесінде қылмыс жасаған күдіктілер ұсталды», - деді облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз хатшысы Бақытжан Құдияров.

Тағы оқыңыздар: «ПСЖ» пенальти тебу құқығын Неймарға алып беру үшін Каваниге млн еуро ұсынды

Ұсталғандар Теміртаудағы колледждердің бірінде оқитын болып шықты. Олар 18 қыркүйек күні таңғы сағат 6.00 шамасында аталған қылмысты жасағандарын мойындаған. Қазіргі уақытта күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1628016-temirtaulyq-studentter-dunhgirshekti.html