RU

19 жастағы қазақ қызы америкалық боксшыны нокаутпен жеңіп кетті (видео)

мужчина держит боксерскую грушу
Көрнекі фото: pexels.com

АҚШ-тың Монро қаласында өткен жекпе-жекте 19 жастағы қазақстандық боксшы Балауса Мұздиман америкалық қарсыласын техникалық нокаутпен жеңді деп хабарлайды NUR.KZ.

Кәсіпқой боксқа ауысқанына аз ғана уақыт болса да, алғашқы дебютін жеңіспен бастаған Балауса америкалық Кэмри Максиді бірінші раундтың өзінде соққының астына алған.

Нокдаунға түскен Кэмри жұдырықтасудан бас тартқан соң жекпе-жек қазақстандық қыздың пайдасына шешіліп, уақытынан бұрын аяқталды.

Тағы оқыңыздар: Алматыда тағы бір автобус жол апатына түсіп, екі адам зардап шекті (фото)

Жас боксшы Qsport порталына берген сұхбатында қарсыласының оңайлықпен беріле салғанына таңғалғанын жасырмады.

«Кәсіпқой бокстағы алғашқы жеңісіме осылай жеткеніме өте қуаныштымын. Америкалық боксшы қызды өте мықты деп ойлағанмын, алайда бірінші раундта нокдаунға түскеннен кейін, қарсыласым жекпе-жекті ары қарай жалғастырудан бас тартты.

Жекпе-жек Америкада болғандықтан, қарсыласым оңайлықпен беріледі деп ойламадым. Аллаға шүкір, Қазақ еліне әлі талай жеңістер сыйлаймын деп ойлаймын», – дейді Балауса.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1628073-19-zhastaghy-qazaq-qyzy-amerikalyq-boksshy.html