RU

ОҚО-дағы мешітте Құран кітабының парақтарын дәретханаға пайдаланған (видео)

ОҚО Созақ ауданында Құран кітабының парақтарын әлдебіреулер дәретхана қағазы ретінде пайдаланған деп хабарлайды  «NewTimes.kz» агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Созақ ауданының орталығы Шолаққорған ауылының тұрғыны сұмдық жайттың куәгері болған. Орталық мешітке намаз оқуға келген ол дәрет алу кезінде Құран кітабының парақтарын дәретхана қағазы ретінде пайдаланғанын көрген.

Көрген жайтты ол видеоға түсіріп алған.

Тағы оқыңыздар: Астанада клиенттердің құжатын қоқысқа лақтырған Qazkom бөлімінің басшысы жұмыстан қуылды

Видеодан әлдекімнің Құран кітаптарын дәретхана қағазы ретінде пайдаланғанын көруге болады.

«Жақыннан көрсетудің қажеті жоқ шығар? Құрметті мұсылман қауымы, бұл не деген сорақылық. Шолаққорған орталық мешітінің аумағында Құран парақтары дәретханада жатыр. Кімге барып шағымданамыз? Шешімді кім қабылдайды? Сорақылық қой", - дейді ашуға булыққан видео авторы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1628220-oqo-daghy-meshitte-quran-kitabynynh-para.html