RU

Air Astana отын тапшылығы салдарынан дағдарысқа ұшырағанын мәлімдеді

"Эйр Астана" компаниясы Шымкент мұнай өңдеу зауытының жөндеу жұмыстарына жабылуына және Ресейден келетін әуе отының тасымалдануы төмендеуі салдарынан дағдарысты жағдайдың орын алғанын мәлімдеді.

"Ресейден әуе керосинінің тасымалы тоқтап, Шымкент мұнай өңдеу зауытының уақытша жабылуына байланысты Қазақстанның тұрақты әуе қатынасына қауіп төніп тұр", — деді әуе компаниясының баспасөз қызметі.

"Air Astana" Қазақстанға әуе керосинін тасымалдайтын экспортер компаниялар "Газпромнефть", "НК Роснефть", "Лукойл" және "Татнефть" екенін атап өтті.

Тағы оқыңыздар: Кәсіпкермен жаға жыртысқан әкімнің орынбасары лауазымды қызметінен кетіп тынды

"Қазан айына ресейлік нарықтағы сұраныстың артуына байланысты аталған компаниялар әуе отынын жеткізуді растаған жоқ. Мысалы, "Газпромнефть" отынның экспортын 2018 жылдың мамыр айынан бастап қайта жандандыру туралы хабарлады", — деп мәлімдеді Эйр Астана.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1628253-air-astana-otyn-tapshylyghy-saldarynan-daghdarys.html