RU
Зейнетақы қоры жоғалған миллиардттар туралы мәлімет бермеді
Жаңалықтар Қоғам

Зейнетақы қоры жоғалған миллиардттар туралы мәлімет бермеді

Расказать Вконтакте

Жыл басынан бері бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры 741 миллиард теңгеге өсті. Қор басшылары осындай мәліметпен мақтанды. Бірақ, қайыру бермей кеткен 40 миллиард теңге туралы ләм-мим демеді деп хабарлайды КТК арнасы.

Зейнетақы қоры жоғалған миллиардттар туралы мәлімет бермеді

Зейнетақы. Коллаж: alau.kz

"Зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы 7 жарым триллионға жуықтады. Жыл басынан бергі өсім 11 пайызды құрап отыр. Барлық шарттар бойынша шоттардың жалпы саны 10 миллионнан асты, дәлірек айтқанда 10 105 192", - дейді БЖЗҚ баспасөз орталығының бас маманы Жаппарберген Айбота.

Тағы оқыңыздар: Теңге күн санап құлдырап жатыр

Жаздың басында ғана әр түрлі құнды қағаздарға құйылған қаражат толық қайтпай қалып, қордың инвестициясы минусты көрсеткен болатын. Қазіргі уақытта инвестициялық табыс 5,78 пайызды құраған. Сондай-ақ, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша 129 миллиардқа жуық теңге жиналған.

Алайда, талайдан бері ел болып алаңдап отырған 40 миллиард қарыз туралы ешкім тіс жармады. Айта кетсек, жиырмадан астам компания қордан қарыз алып, тақырға отырғызып кеткен. Бір ай бұрын қор өкілдері ақшаны қайтару үшін солармен соттасатын болып жатқан. Бірақ, содан бері хабар жоқ.

Расказать Вконтакте

Новости партнёров

Сіздің реакцияңыз
33
7
7
9
4
1
7
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Загрузка...
Пікір