RU

Алматыда айфонды қолдан құрастырып келгендердің әрекеті әшкере болды

Алматылықтар енді айфонды да құрастыра бастады. Бірақ, астыртын түрде. «Аэровокзал» аталып кеткен сауда үйінің аумағындағы цехта әлемдік брендтік техника құрастырылғаны анықталды. Айфонды айна қатесіз жасаған әккі алаяқтар оңай олжаға қарық болып та үлгерген деп хабарлайды КТК арнасы.

Көшірмені түпнұсқадан айыру қиын. Ішкі тақтасынан басқасы арзан материалдан жиналған. Сорақысы контрафактілік тауар Алматыдағы сауда орталықтарында да сатылған.

Тағы оқыңыздар: Таразда дәрігерлер «сау баламды сал қылды» деген ана әділдікке жете алмай шырылдап жүр

Елдің өзге өңіріндегі тұрғындар да жымысқы ойлы топтың торына түскен болуы мүмкін. Құзырлы органдар астыртын цехты тінтігенде, 30 айфон тәркіленді. Қанша шығын келіп, қанша адам арам айланың құрбаны болғаны анықталып жатыр.

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1628477-almatyda-ayfondy-qoldan-qurastyryp-k.html