Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әлемдегі ең семіз әйел 37 жасында қайтыс болды (фото)

Опубликовано:

Әлемдегі ең семіз әйел – 37 жастағы Египет азаматшасы Иман Ахмед Абдулати Әбу-Даби ауруханаларының бірінде көз жұмды деп хабарлайды 24.kz.

2016 жылы оның салмағы 500 келіге жеткен болатын. Ол кезде БАҚ-та әйелдің үйінен 25 жыл шықпағаны және қыздарына қарай алмайтынын түсінген ата-анасының ел президентінен көмек сұрағаны жарыса жазылған еді.

Кейін Үндістан дәрігерлері мен БАӘ ақ халаттылары қызға қол ұшын созбақ болған.

Тағы оқыңыздар: Елбасы: Назарбаев университеті әлемге танымал болды

Ал 2017 жылдың басында жүк ұшағы Иман Ахмед Абдулатиді Египеттен Мумбаиға жеткізді.

«Саифи» емханасында әйелге лапароскопиялық операция жасалып, науқас асқазанының 70 пайызы кесіп алынып тасталды. Операциядан кейін арнайы диетаны ұстану арқылы мысырлық әйел қысқа мерзімде 300 келіден арылған.

Тағы оқыңыздар: Министрлік жолаушыларды дүрліктірген "Эйр Астананың" мәлімдемесіне жауап берді

Ал мамыр айында оның жағдайы жақсарып, тіпті алғаш рет ешкімнің көмегінсіз өздігінен тамақтана бастады.

Алайда 25 қыркүйекте Әбу-Дабидегі медициналық орталықта ем-дом көріп жатқан Иман Ахмед Абдулати көз жұмды.

Дәрігерлер науқастың өліміне ішкі ағзалар қызметінің әрекетсіздігі мен бүйректің өткір жеткіліксіздігі себеп болған дейді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1628519-alemdegi-enh-semiz-ayel-37-zhasynda-qaytys/

pixel