RU

Баскетбол ойнайтын қоян рекорд орнатып, әлемді өзіне қаратты (видео)

Калифорнияда Бини есімді бес жастағы үй қояны Гиннесс рекордтар кітабының соңғы басылымына шыққан ерекше хайуандардың бірі атанды. Бұл туралы UPI порталы хабарлады.

Ақылды жануар баскетбол ойнап, бір минутта сақинаға 7 кішкене допты дөп кіргізе алады екен. Бұндай жетістікке ғаламшардағы ешбір жануар әлі жетіп көрмеген.

Қоянның иесі Шай Асор Бинидің жетістіктері оны қатты қуантқанын айтады.

Тағы оқыңыздар: Әлемдегі ең семіз әйел 37 жасында қайтыс болды (фото)

«Бала кезімде жыл сайын Гиннестің рекордтар кітабының жаңа басылымын жібермей оқитынмын. Енді сол кітаптан менің де жануарымның орын алғаны қатты қуантып отыр», – дейді америкалық азамат.

Асордың сөзінше, Бини кішкене жасынан бері доп ойындарын қатты ұнатқан. Бұны байқаған калифорниялық жігіт оны жаттықтыра бастапты.

Шай Асор қоянның мықты спортшы ғана емес, тіпті керемет суретші екенін және тарақты пайдалана білетіндігін де жасырмады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1628576-alemdik-rekord-ornatqan-basketbolshy.html