RU

Оралда жүргізушіден бес мың теңге алған жол полицейі 5 жылға сотталып кетті

Оралда пара алған кіші сержант Марат Ахметғалиев пен Айбек Серденовке сот үкімі шықты. Бұл туралы Уральская неделя басылымына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Марат Ахметғалиев 22 cәуір мен 2 мамыр аралығында орталық базар маңындағы жүргізушілерден хаттама толтырмау үшін жалпы есебі 5000 теңге көлемінде ақша алған. Айбек Серденовтің алған парасы 1000 теңге көлемінде.

Сондай-ақ, 23 жастағы Ахметғалиев  Демеуов есімді азаматты хаттама толтыру үшін бөлімшеге әкеліп, ұрып тастаған. Полицияда қызмет еткеніне жарты жыл да толмаған Ахметғалиев пен Серденовке қатысты сот үкім шығарды.

Тағы оқыңыздар: Жеңгетайлықпен айналысқан нұротандық депутат қыз мандатын қайтарып берді

Марат Ахметғалиев бес жылға бас бостандығынан айырылса, Айбек Серденов 70 мың теңге көлемінде айыппұл арқалады. Екі полицейдің мүлкі тәркіленіп, ішкі істер органдарында жұмыс істеу мүмкіндігінен айырылды.

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1628599-oralda-zhurgizushiden-bes-mynh-tenhge-algh.html