Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Танымал бизнес-тренер 40 күнде миллион табудың құпиясын ашты

Опубликовано:

Көпшілікке дұрыс өмір сүру мен бизнесте табысты болудың маңыздылығын шебер жеткізе алатын бизнес-тренер 40 күнде миллион табудың жолын көрсетті. Қарапайым саудамен айналысып жүріп бүгінде корпорация президенті атанған бизнесмен, тіпті «бомждан да» миллионер шығарудың әдістерін айтып берген Аманжол Рысмендиевтің жетістік құпиясы қандай?

- Бүгінгі табысыңызға қалай қол жеткіздіңіз?

- Мен тренингтік әлемге жеке бизнеспен келдім. Өйткені бала кезімнен Қытайдан ұялы телефон әкеліп сатып, содан кейін ағаш кәсібі, яғни үйге арналған құрылыс заттарын сатумен айналыстым. Қарапайым саудагер болып жүріп, өзім үшін жетістік құпиясын аштым. Қазіргі таңда «EST» тренингтік кеңес беру орталығының президентімін, одан бөлек жұмысын бастап жатқан «A-Pride» атты жаңа жоба бар, сосын «Business style» дүкендер желісі және кітапты шығарып, оны таратумен айналысатын тағы бір компаниям жұмыс жасауда.

- "Өзім үшін жетістіктің құпиясын аштым" дедіңіз. Сонда сіздің басты құпияңыз неде?

- Ол – адамның мінезін өзгерту. Өміріңді өзгерткің келе ме, яғни сана-сезіміңді, ойыңды да өзгерту керексің. Кез келген адам мінезі мен ойын өзгертсе, ішкі наным-сенімін дұрыс қалыптастыра білсе, нақты армандауды, мақсат етуді үйренсе табысты бола алады. Бұл – ең негізгі құпия.

- Қалай сонда, бомждан да миллионер жасап шығаруға болады ма?

- Жақсылап қамыр илесе кез келген ұннан, лағман созуға болады. Сол сияқты адамды да жақсылап илесе, оны үйретсе, мінезін, ойын өзгертсе бомждан да миллионер шығады. Мысалы адамның телефон нөмірін білсеңіз сіз оған қоңырау шала аласыз, тура сол сияқты адамның ішкі болмысы белгілі бір психологиялық элементтерге бағынады. Сол элементтер арқылы адам көтеріледі және сол арқылы құлдырайды. Яғни бомжды алып оның мінезін, өмірге деген көзқарасын өзгертсе, түсіп кеткен рухын көтерсе, алдына арман қойып беріп, намысын қоздырса, онда ол адам табысқа жетеді. Мен дәл осындай үрдіспен 100 мыңнан астам адамның өмірін өзгерттім деп айта аламын.

- Ондай тренингтің біреу пайдасы бар десе, енді бірі ақша жасаудың амалы дейді. Ал сіз өтірік тренинг деп ақша жинап жүрген жоқсыз ба?

- Көпшілік бизнес-тренерлер тренинг өткізуді ұлы миссия деп емес, ақша табудың жолы деп санайды. Бір-екі кітапты оқып алып, бір тренердің семинарына қатысып,тренинг өтіп жүргендер көп. Олардың тренингтері еш нәтиже бермеген соң, соның кесірінен адамдарда басқаша пікір қалыптасып қалған. Ал мен үшін бизнес-тренер ол менің таңдаған – бағытым, екіншіден оқыған – мамандығым. Үшіншіден, ұнайтын сала. Ақша табуға келсек әрине, ешкім тегіннен тегін қызмет етпейді ғой. Мен өзім ұстаздарымнан үйренгенімді елге үйретіп жүрмін, бұл да бір бизнес. Бірақ бұл – пайдасы мол бизнестің түрі.

- Өзіңіз айтып қалдыңыз, көп тренерлер алаяқ деп, өзіңіздің алаяқ емес екендігіңізді қалай дәлелдейсіз? Сіздің ерекшелігіңіз неде?

- Кез келген істе арнайы маман бар және әуесқой адам бар. Оны дәлелдеудің еш қиындығы жоқ, интернеттен мен жайлы ақпаратты ашып қарауларыңызға болады, мен бұл сала бойынша арнайы Мәскеуде Халықаралық Көшбасшылар Академиясын бітіргенмін, бизнес бойынша МВА оқыдым, 20-дан астам халықаралық ең мықты бизнес-тренерлерден дәріс алғанмын. Сондықтан мен арнайы осы салада жұмыс жасай алуға толықтай құқым бар. Теориялық білімнен басқа, бизнесте де өмірлік тәжірибем көп. Оның дәлелі 130 мыңнан астам адамның сапалы өмір сүруіне үлес қосып, жыл сайын 5 мыңға жуық адамның кәсібін дамытып келемін.

- Сіздің семинарыңызға көп адам қатысады, қатысқанның барлығы нәтиже шығарып, табысқа кенеліп кетеді ме?

- Біріншіден, бәрі бірдей жетіп кете алмайды, екіншіден бәрі жетіп кете алады деп айтсам болады. Жауап бір-біріне қарама-қарсы болып тұрған шығар, бірақ бәрі бірдей жетіп кете алмайды дегенім – арасында менің кеңесімді естігенмен оған құлақ аспайтын, тыңдамайтын, оны өмірде қолданбайтындар бар, егер дұрыс қолдансаң қандай пышақ болса да ол етті кеседі, ал оны керісінше ұстап алып пышақ неге кеспейді десеңіз кінәлі пышақ емес, ол сіздің кінәңіз. Сондықтан кейбір адамдар нәтиже шығара алмауы мүмкін, өйткені мен берген кеңес пен формуланы қолданбайды, табыстың ережесін ұстанбайды. Ал бәрі бірдей жетіп кете алады дегенім, біздің түрлі бағдарламаларымыз бар. Көшбасшылыққа қатысты тренингтер, «40 күнде миллион», «Өзіңді оят» семинар-шоуы, сол кезде мықты кеңестер беріп, құпиясын ашамын. Оны қолданған, жеке өз қадағалауымдағы адамдардың бәрі 100 % нәтижеге жетіп жатыр. Себебі мен 40 күнде миллион табудың ең оңтайлы жолын таптым.

- Өзгеріп, кәсібін дамытқысы келген адамдарға қатты қажет деп қай бағдарламаңызды ұсынасыз?

- Өскісі келген адамдарға арналған Қазақстан бойынша хит болған бағдарлама «Өзіңді оят» семинар-шоуын ұсынамын, бұл тренингтен шын мәнінде адам өзіндегі тылсым күшті оятып, бизнесті дамытудағы тексерілген методикалар мен стратегияларды алады. Аты айтып тұрғандай, «Өзіңді оят» деп, адам қандай кезде өзгереді? Оған бірнәрсе түрткі болып, әсер еткен жағдайда ғана өзгереді, оянады.

- Кәсіпкер боламын, табысқа жетемін деген адамдарға қандай кітапты оқуға кеңес бересіз?

- Менің бастапқыда «Өрлеу», «Өзіңді оят» кітаптарым жарық көрді. Қазақ тілді кәсіпке байланысты кітап жазудағы мақсатым – біздің менталитет пен сана сезімге сай бизнесте өз қағидамыз болса екен деймін. Американдықтар мен орыстардың кітабы біздің ұлтқа сәйкес келмейтіндіктен, өз ана тіліміздегі кітаптарды алғаш болып жазып шықтым. 28 қазанда тұсаукесері өтетін «Кәсіпкерлік құпиясы» атты тағы бір кітабым дайын тұр. Міне, сол кітапта бизнесте кездесетін кедергілер мен түрлі қателіктерді болдырмау үшін алдын-алу жолдарын нақты кеңестер арқылы көрсеттік. Сондықтан табысты кәсіпкер боламын деген адамға осы кітапты толық оқып шығуға кеңес беретін едім.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1628602-tanymal-biznes-trener-40-kunde-million-t/

pixel