RU

Есболат Беделхан өздерін сынаған әріптестерін "өсекші қатынға" теңеді

Qpop бағытында өнер көрсетіп жүрген "BlackDial" тобының продюсері Есболат Беделхан өздерін қатаң сынға алып, сыртқы келбетке қарап баға беретін әріптестеріне жауап берді. Бұл туралы ол өзінің Instagram желісіндегі парақшасында мәлімдеген деп хабарлайды NUR.KZ.

"Сыртқы келбетке қарап бағалаған, көпшіліктің жаман ойларын қайталаған, саxнаны қызғанған әріптестер - нағыз өсекші қатындар сияқты деп ойлаймын!",- дейді Есболат.

Әншінің жазбасын оқыған тыңдармандары оның пікіріне қосылатындарын айтқан.

"Дұрыс айтасыз, толықтай келісемін!", "Дұрыс айтасыз, бұрынғылар жаңа нәрсені мойындағысы келмейді", "Осылай бетке айтып тастағаныңыз дұрыс болды",- деп жазған желі қолданушылары.

Тағы оқыңыздар: Баян Есентаева: Ресми некемізге Тұрсынның бұрынғы әйелі кедергі болды

Әнші НТК арнасына берген сұхбатында шаштарын бояп, сырға тағатын жігіттерді көшеде көп адамның ұрғысы келетінін де жасырмады.

"Сахнаға мұндай келбетке шығумен болмайды дейді. Менің ойымша, өте дөрекі бұл іс. Және біреулер айтады, "ол еркек пе, қыз ба" деп. Балаларға көшеде жүріп-тұрудың өзі қиын. Кей кезде балағаттап, ұрып-соғамын, ана сырғаң не дейтіндер де бар",- дейді продюсер.

Еске салсақ, Есболат Беделхан - "Орда" тобының мүшесі. Бүгінде ол продюсерлікпен айналысып жүр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1628688-esbolat-bedelkhan-ozderin-synaghan-ari.html