RU

Танымал продюсер Төреғалидің сұлу келіншегін айтып тамсанды (фото)

Төреғали Төреәлінің продюсері Жан Мұқанов әншінің жарының мінезі мен көркіне деген таңданысын жасыра алмады. Неше жылдан бері өнер әлемінде Төреғалимен бірге жүрсе де, оның жұбайымен жақында ғана таныстым деген продюсер 31 арнаның "Айта берсін" бағдарламасына берген сұхбатында Толқынның мінезі мен сыртқы келбеті туралы айтты.

"Толқын өте әдемі, сыртқы келбеті модельге ұқсайды. Бойынан қазақы ақсүйектік сезіледі, сабырлы, эмоциясын ұстай біледі, қатты күлмейді. Әзілдің өзін ақылмен айтатындай.

Ол тіпті Төреғалимен "сіз" деп сөйлеседі, мені бұл аздап таңғалдырды. Әдетте "сіз" деп біз ата-анамызға айтамыз, ал ол "Төреш сіз" деген кезде адамды еріксіз баурап алады", - дейді продюсер.

Тағы оқыңыздар: Есболат Беделхан өздерін сынаған әріптестерін "өсекші қатынға" теңеді

Сондай-ақ, Жан Мұқанов қазан айында барша қазақстандықтар көре алатын үйлену той өзге тойлардан ерекше болмақ дейді.  Продюсер Төреғали мен Толқын үйлену тойларынан кейін бал айын Біріккен Араб Әмірліктерінде өткізетіндігін де жеткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1628756-tanymal-prodyuser-toreghalidynh-zharyny.html