RU

Сәкен Майғазиев үш бірдей жұмысының жалақысын әйелі алатынын жасырмады

Сәкен Майғазиев Еуразия арнасына берген сұхбатында "Музарт" тобынан бөлек, үш бірдей мемлекеттік орында қызмет істейтінін айтты. Сондай-ақ, ол айлық алатын карточкасының бәрін әйелі ұстайтынын жасырмады.

"Өз басым "Музарт" тобынан бөлек, мемлекеттік үш жерде жұмыс жасаймын.  Эстрада және Цирк колледжінде дәріс беремін. Бір жерден 30 мың теңге аламын, тағы бір жерде аямай 80 мың теңге аламын. Сосын басқа да дүниелерім бар.

Сол айлық карточкаларымның барлығы, оның пин кодтары менің жұбайымның қолында. Керек болатын болса, соны қалай пайдалану керек екенін де білмейді екенмін. Сол себепті тапқан табысымды үйге әкелемін",-дейді әнші.

Тағы оқыңыздар: Танымал продюсер Төреғалидің жарының мінезін айтып тамсанды (фото)

Еске салсақ, Сәкен Майғазиевтің жұбайы Динараның мамандығы - дәрігер. Бүгінде бір ұл, екі қыз өсіріп отырған әртістің жары үйде бала тәрбиесімен айналысады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1628837-saken-mayghaziev-zhalaqysyn-ayeli-usta.html