RU

Ақышев: Айырбастау бекеттеріне жүгіріп, пайда табуға тырысудың қажеті жоқ

Қазір макроэкономикалық жағдай тұрақты, сондықтан валюта айырбастап, пайда көргісі келгендер ұтылып қалады деп мәлім етті Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев.

Ақышев доллар бағамына және ұлттық валютаның әлсіреуіне алып келуі мүмкін алғышаттар туралы сұраққа жауап бере отырып, қазіргі жағдайдың тұрақты екенін мәлім етті. Мұнай-газ, көмір бағасы көтеріліп келеді, тиісінше елге келетін валюталық түсім артатын болады.

Оның айтуынша, еліміздің сауда серіктестеріндегі жағдай да тұрақты.

Тағы оқыңыздар: Әйгілі Майк Тайсон Головкиннің жанкүйері екенін жеткізді

"Алаңдауға негіз жоқ. Осы нарықта пайда көргісі келетін азаматтар мен кәсіпорындарға тағы да қайталап айтарым, валюта бағамы өзгерген кезде айырбастау бекеттеріне жүгіріп, одан табыс табуға тырысудың еш қажеті жоқ. Ұтылып қалуыңыз әбден мүмкін.

Өйткені макроэкономикалық жағдай жақсы, теңге бағамы күшеюі де мүмкін. Сондықтан қазір валюта сатып алып жатқандар ұтылады", — деді Ақышев БАҚ өкіледріне берген сұхбатында.

Айта кетсек, осыған дейін Ұлттық банк тамыз айында шілде айымен салыстырғанда доллар 2,2 есе көп сатып алынғанын хабарлаған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1628929-aqyshev-ayyrbastau-beketterine-zhugir.html