RU

Бұрынғы әйеліне ерегескен атақты блогер улы жыланға жем болды

Жабайы мысықтар, жыландар мен тағы басқа бауырымен жорғалаушылар туралы видеоарнаны жүргізетін ресейлік атақты блогер Арслан Валеевты улы жылан шағып, қайтыс болды, деп хабарлайды Baq.kz.

Бұл туралы блогердің тобында айтылды. 23-не қараған түні тікелей эфир кезінде Валеевті қара мамба шағып алады. BobCat ТВ-ның хабарлауынша, блогер бірден ауруханаға жатқызылған. 25 қыркүйекте Валеев көз жұмады.

Оқиғаға Валеевтің бұрынғы әйелімен ұрсысып қалуы түрткі болған. Келіншек Instagram-ға өзіне шабуыл жасалғаны жайлы жазған еді. Блогер аңдып жүріп оны ұрып тастаған екен.

Тағы оқыңыздар: Алматыда мектеп оқушысына пышақпен шабуылдаған педофил іздестіріліп жатыр (фото)

Осыдан кейін Валеев BobCat ТВ паблигіне бұрынғы әйелі көзіне шөп салғанын әшкерелейтін жазбалар қалдыра бастайды. Бірақ жазылушылардың пікірінен кейін сөзін қайтып алып, кешірім сұрайды.

Алайда әйелі Валеевке қайтып оралмайды. Содан соң Валеев тікелей эфирде мыңдағын көрерменнің көзінше улы жыланды ызаландырып, өзінің қолын шаққызады.

Оқиғаны көріп отырғандар бірден жедел жәрдем шақыртады. Блогер өте ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді. Бірақ өмірін сақтап қалу мүмкін болмады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1629028-ayeline-eregesken-bloger-uly-zhylangha.html