RU

17 жасында жеті баланың анасы атанған қызды сүйіктісі тастап кетті (фото)

Аргентинаның Леонес қаласында тұратын Памела Вилларуэль 17 жасында жеті баланың анасы атанған. Бұл туралы NUR.KZ порталы videoboom.cc сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Памеланың бір ұлы және алты қызы бар. Өкінішке қарай, балалардың әкелері жауапкершіліктен қашып кеткен.

Бойжеткен тұңғышын 14 жасында дүниеге әкелген. Қызды болған Памеланың сүйіктісі әкелігін мойындамай, ізін суытады. Өзге ер азаматтан тағы екі бірдей егізді кезекпен дүниеге әкелген Памела онымен өзі айырылысып кетеді. Себебі, келесі ғашығы оған қол көтеруді шығарған.

Тағы оқыңыздар: ОҚО-да зорлықтың құрбаны болған оқушы қызды директор мектептен қуып жатыр

Үшінші рет басқа ер азаматпен көңіл жарастырмақ болған бойжеткен одан да егіз бала көтереді. Ал бұл жаңалықты естіген ғашығы өзгелер секілді қашуды ұйғарған.

Бүгінде Памелаға жеті баласын аяқтан тұрғызуға ата-анасы көмектеседі. Жергілікті билік көпбалалы анаға жер мен үй берді.

Тағы оқыңыздар: Ақтауда оқушылардың ата-анасы қазақ тілі пәнінен бас тартпақ

Памела да ата-анасына салмақ болмай, балаларын қажеттімен қамтамасыз ету үшін күн-түн демей жұмыс істеп, ақша табады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1629061-17-zhasynda-zheti-birdey-balany-duniege-ak.html