RU

Ақтауда оқушылардың ата-анасы қазақ тілі пәнінен бас тартпақ

Ақтаудың №10 мектебінде оқушылардың ата-аналары қазақ тілі пәнінен бас тартпақ. Олар пәннен ақылы дәптерді сатып алғылары келмейтінін алға тартқан. Бұл туралы NUR.KZ порталы lada.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Екінші сынып оқушыларының ата-аналары қазақ тілі пәнінен арнайы дәптерді өз қалталарынан сатып алуға мәжбүр екендерін алға тартуда. Алайда мектеп директоры оларды ақылы дәптер сатып алуға ешкім мәжбүрлемегеніне сендіріп-бақты.

Айтуынша, дәптерді сатып алуға кеңес берілгенмен, ата-анаға бұл міндеттелмеген.

Бір қызығы қазақ тіліне арналған төрт дәптер мен сөздіктің құны 10 мың теңгеге жуықтайды екен. Ал бүкіл сыныпқа бұл оқу құралдары алынатын болса, 300 мың теңге қажет.

Тағы оқыңыздар: Қар аралас жаңбыр: Синоптиктер алдағы уақытта күн жылынбайтынын болжап отыр

"Қазақ тілінен оқуылақтарда бірде бір мәтіннің аудармасы жоқ. Мұғалімдер де аудармасын айтып, түсіндіріп жатпайды. Қосымша сөздік алмасаң, пәнді түсіне алмайсың. Бізге тапсырмалары бар арнайы дәптерлер мен сөздікті өздерің сатып алыңдар деді. Екі дүкенде ғана табылған бұл дәптерлердің құны қалта көтермейді. Сол себепті, біз қазақ тілі пәнінен мүлде бас тартқан жөн деген тоқтамға келдік", - дейді оқушылардың ата-аналарының бірі.

Ал мектеп директоры Бекес Испекеев қосымша дәптерді сатып алу шешімін ата-ана өз бетімен қабылдайтынын айтуда. Оларды мәжбүрлеп жатқан ешкім жоқ екен.

"Мұғалім мен ата-аналар арасында түсінбестік болған. Ата-аналар балалардың сабақты түсінбейтінін айтқанында, ұстаз оларға пәнді түсінуге септік болатын қосымша дәптерлер сатып алуға кеңес береді. Алайда ата-аналар мұны кеңес емес, міндет деп қабылдаған", - дейді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1629065-aqtauda-oqushylardynh-ata-anasy-qazaq-t.html