RU

Қытай билігі исламды қаралауға тыйым салды

Қытай билігі әлеуметтік желідегі исламға қарсы жазбаларға қатысты күтпеген шешім қабылдады. Яғни, бұдан былай исламофобиялық материалдарды іздегендер қажетті ақпаратты таба алмайтын болады деп хабарлайды ihsan.kz.

«Исламофобиялық терминдер қытай әлеуметтік желісінде билік тарапынан бұғатталып тасталды», - дейді мемлекет қаржыландыратын ақпарат көзінде.

«Ойдан шығарылған терминдер» туралы айтылғанда қытай билігі «жасыл дін» және «бейбіт дін» сөз тіркестерін қаперге алып отыр. Яғни, бұл терминдерді исламофобтар жазадан жалтару үшін ғаламторда қолданады. Ендігі жерде Weibo-дан іздегендер бұл сөз тіркестерін таба алмайды.

Тағы оқыңыздар: ОҚО-да зорлықтың құрбаны болған оқушы қызды директор мектептен қуып жатыр

Қытай билігінің мұндай қадамға баруына қолына плакат ұстаған мұсылман ер адамның ақылы жолға қатысты наразылығы бейнеленген видеоның ғаламторда таралуы себеп болған. Шулы видеодан кейін мұсылмандарды жаппай қаралау етек алған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1629194-qytay-biligi-islamdy-qaralaugha-tyyym.html