RU

Семей облыс орталығы бола ма?

Әлеуметтік желі мен WhatsApp мессенджерінде Өскемен жабық қалаға айналып, Семей қаласы облыс орталығы болады деген ақпарат тарады, деп хабарлайды Baq.kz.

Жұрт ШҚО-дағы мұндай өзгерістерді Өскемен қаласында төмен байытылған уран банкі құрылатынымен байланыстырып отыр. Облыс әкімдігі бұл мәліметтерге ресми жауап қайтарды.

«Өскемен мен Семей қалаларының мәртебесіне қатысты ақпараттар шындыққа жанаспайды», - деді ШҚО ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Серік Жеңісов.

Тағы оқыңыздар: ОҚО-да зорлықтың құрбаны болған оқушы қызды директор мектептен қуып жатыр

Сонымен қатар ведомство өкілдері мұндай қауесет тарату қылмыстық құқық бұзушылыққа жататынын еске салып өтті.

Әлеуметтік желі немесе мобильді қосымшалар арқылы жалған ақпарат таратқаны үшін бес мың АЕК (11 миллион 345 мың теңге) айыппұл салынады немесе екі жылдан бес жылға дейін бас бостандығынан айырылады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1629297-semey-qaytadan-oblys-ortalyghy-bolady.html