RU

Небәрі 14 жасында босанып алған қыз амалсыз тұрмысқа шықты

Қырғызстанның Талас облысында 14 жастағы қыз нәрестелі болды. Жеткіншек баласының әкесіне тұрмысқа шығып алған. Бұл туралы NUR.KZ порталы kabarlar.org сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Жетінші сынып оқушысының бүгінде жағдайы жақсы. Нәресте де аман-есен дүниеге келген. Екеуі перзентханадан үйіне жіберілді.

Тамыз айында милиция 18 жастағы жігіттің үстінен 14 жастағы қызбен жыныстық қатынасқа түскені үшін қылмыстық іс қозғаған болатын.

Тағы оқыңыздар: Өз сәбиін өлтіріп, қоқысқа лақтыра салған әйел асылған күйі табылды

"Қыз жігітпен ауылға ағасының үйіне қонаққа барғанда танысқан. Олар өткен жылдың желтоқсанында жыныстық қатынасқа түсіп, қыздың аяғы ауырлап қалады. Қыздың анасы шу шығарғаннан кейін бір ай бұрын қыз бен жігіт некесін қиды. Бұл іс бойынша тергеу тағы бір айға созылды", - дейді тәртіп сақшысы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1629302-nebari-14-zhasynda-bosanyp-alghan-qyz-amal.html