RU

Зорлықтан қарындасын құтқармақ болған сегіз жасар балақай өз өмірін құрбан етті (фото)

Калифорния штатында сегіз жасар Данте Дэниелс қарындасын зорлаушыдан құтқарамын деп өз өмірін құрбан етті. Бұл туралы NUR.KZ порталы kabarlar.org сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Белгілі болғандай, Элизабет есімді әйелдің үйіне оның бұрынғы жігіті баса көктеп кіріп, оған соққы жасайды. Сол көзінен айырылған әйел есеңгіреп қалған сәтінде ер адам оның балаларына тиісуге кіріскен.

Қаскөй әйелдің кішкентай қызы Данаяны зорламақ болып жатқанда, оған сегіз жасар Данте қарсы тұрады. Зорлаушы Дантеден құтылу үшін оған басынан балғамен ауыр соққылар жасаған.

Тағы оқыңыздар: Небәрі 14 жасында босанып алған қыз амалсыз тұрмысқа шықты

Көп ұзамай қылмыскерді ересектер тоқтатып, балақай емханаға түседі. Өкінішке қарай, Данте алты күннен кейін алған жарақаттарынан көз жұмды.

Алайда батыр балақай өлер алдында донор болып, тағы бір адамның өмірін құтқарған. Оның жүрегі бүгінде Оңтүстік Калифорниядағы төрт жасар баланың кеудесінде соғуда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1629321-zorlyqtan-qaryndasyn-qutqarmaq-bolgh.html