RU

Головкин жасы 40-қа келгенше шаршы алаңда жұдырықтаспашқы

Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің (37-0-1, 33 КО) промоутері Том Леффлердің айтуынша дұрыс мотивациямен GGG әлі бес жыл шаршы алаңда жұдырықтаса алады.

"Головкин әлі бес жыл жұдырықтаса алатынын айтты. Оның соққысының жойқындығы сарпылған жоқ, мұны біз Джордж Форманның мысалынан көрдік. Соққының күші - ешқайда кетпейтін атрибут.

Головкиннің қорғанысы дұрыс бағаланбаған. Ол алға жүріп, қысым жасайды, ал "Канеломен" өткен жекпе-жектен соң оның 12 раунд өткізгені көрінбеді. Беті көгерген жоқ, небәрі ісіген жерлері болды.

Тағы оқыңыздар: Ақмола облысының ашынған халқы түк бітірмеген әкімді қуып кетіре алмай жүр

Дұрыс мотивациямен Головкиннің стилі өзі қалаған уақытқа дейін жұдырықтасуға мүмкіндік бере алады. Біз Владимир Кличконың 41 жасында, ал Флойдтың - 40 жасында жұдырықтасқанын көрдік.

Головкин алдағы бес жылда емін-еркін жұдырықтаса алады, алайда ол бокста қанша болғысы келсе сонша болады", - деді Леффлер Sky Sport басылымына берген сұхбатында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1629559-golovkin-kasipqoy-bokspen-qashan-qosh.html