RU

Бата беремін деп сөзінен жаңылған қария елді күлкіге қарық қылды

Бата беремін деп сөзінен жаңылысқан қария көпшіліктің көңілін көтерді деп хабарлайды NewТimes.kz ақпараттық агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Желіде пайда болған видеода қасына жастар мен мектеп оқушыларын жинап алған егде жастағы азамат оларға бата береді. Алайда бата беруші "Шаңырағы биік болып, топырағы торқа болсын..." деп айналасын күлкіге қарық қылған.

Мұны көрген желі қолданушылары қарияның сөзін түсіне алмай әлек болды. Себебі олар бата берушінің сөзі мен жасаған әрекетіне қарап оны ішімдікке сылқия тойып алған деп болжады.

Тағы оқыңыздар: Ақмола облысының ашынған халқы түк бітірмеген әкімді қуып кетіре алмай жүр

"Мына кісі не дейді масқара, ұят-ай!!!", "Не боп барамыз? Жылағың келеді", "Қазіргі қариялардын көбісі осылай, келісем", "Оңбаған, білмейтін болса несі бар екен алақан жайдырып?", - деп ашынды желі қолданушылары.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1629566-bata-beremin-dep-sozinen-zhanhylghan-qar.html