RU

Қазақстандық көлік өндірушілер Өзбекстан нарығынан айырылып қаламыз ба деп үрейленіп отыр

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қазақстандық автокөлік өндірушілер үшін Өзбекстан шекарасы жабық. Осылай деген "Қазавтоөндіріс" басқарма төрағасы өзбек нарығынан қағыламыз ба деп үрейленеді. Бұл туралы Олег Алфёров «Астана» телеарнасына берген сұхбатында айтқан.

Айтуынша, өзбек билігі кейбір тауарлардың кедергісіз өтуіне жағдай жасаған. Алайда, біздің көліктерге тыйым салатын акциздерді сақтап қалған. Яғни отандық көліктерге шектеу бар дейді ол. Бірақ көрші Ресей мен Украина көліктерін ала шапанды ағайын өздеріне кедергісіз кіргізіп жатқанға ұқсайды. Олар тек екі пайыздық кедендік тарифті төлейтін көрінеді.

Алферовтың айтуынша, Қазақстанның жағдайы шектеліп, өзбектерге көлік жеткізуші өзге елдермен тең дәрежеге түсе алмай отыр.

Естеріңізде болса, қыркүйектің ортасында Ташкентте қазақ-өзбек бизнес-форумы өтіп, отандық көлік өндірушілер өз өнімдерін көрсетіп, экспорттың шарттары жеңілдей ме деп үміттеніп еді.

Тағы оқыңыздар: Еліміздегі шенеуніктерді қаншалықты жақсы танисыз?

" Құзырлы ведомство өкілдерімен жұмыс тәртібінде Қазақстан өнімдерін Өзбекстан нарығына жеткізу мәселесін қарап жатырмыз. Өзбекстанда кроссоверлар мүлдем шығарылмайды. Ал қазақ тарапы өзбектерге дәстүрлі отынмен жүретін көліктермен қатар, оларда көп танымал болып бара жатқан газбен жүретін көліктерді жеткізуге де дайын. Бірақ әзірге ешқандай жоспар туралы айта алмаймыз, өйткені бізге шекара жабық", - дейді «Қазавтоөндіріс» Қазақстан автомобиль саласы кәсіпорындары одағының» басқарма төрағасы Олег Алфёров.

«Қазавтоөндіріс» ұлттық экономика министрлігінен көмек сұрап, тиісті хат жолдағандарын айтты. Құзырлы министрлік біздің арнаға бүгін сұхбат бере алмады. Бұл мәселе біздің бақылауымызда болады.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қазақстандық көлік өндірушілер Өзбекстан нарығынан айырылып қаламыз ба деп үрейленіп отыр
Mailfire view pixel