RU

120 әйелге үйленген ер адам: Кәрі қыздарды ұнатпаймын (фото)

Таиландта көп әйел алу заңға қайшы болғанымен, ондағы тұрғындардың бірі 120 әйелге үйленген. Барлық әйелдері бұл жайтты құптап отырғаны да таң қаларлық. Бұл туралы NUR.KZ порталы Oddity Central сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Тамбон Прасерт (Tambon Prasert) провинция аудандарының бірінде басшылық етеді. 58 жастағы ер адам құрылыс бизнесінде жетістікке жетіп, қалталы азаматқа айналған. Прасерт алғаш 17 жасында үйленген.

Тағы оқыңыздар: Жалаң қолымен жыланды унитаздан суырып алған ер адам желіде жұлдыз болды

"Менің бірінші әйелім менен бір-екі жас кіші болды. Біздің үш баламыз бар. Одан кейін мен талай әйел алдым. Олардың дені 20 жаста. Маған кәрі қыздар ұнамайды", - дейді Тамбон.

Прасерт қай жерде үй салса, сол жердің қызын әйелдікке алуды әдетке айналдырған.

"Мен барлық әйелдерімді жақсы көремін. Олар да мені жақсы көреді", -дейді ол.

120 әйел мен 28 балаға қорған болуды қиын санамайтын Тамбон оларды қаржылай қамтамасыз етіп отыр. Ер адамның соңғы әйелі - 27 жастағы Нам Фон.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1629737-120-ayelge-uylengen-er-adam-buginde-28-bala.html