RU

Астанадағы белді университеттің аймағында күзетшілер мен құрылысшылар жаға жыртысты (видео)

Әлеуметтік желіде Назарбаев университетінің аймағындағы төбелестің видеосы тарады. Екі ер адамды жұмыс формасын киген адамдар қоршауға алған. Бұл туралы NewTimes.kz агенттігіне сілтеме жасап NUR.KZ порталы хабарлайды.

Белгілі болғандай, барлық төбелес қатысушылары - Қазақстан азаматтары. Төбелестен ауыр жарақат алғандар жоқ. Факті бойынша сот алды тергеу жүргізілуде.

Тағы оқыңыздар: 120 әйелге үйленген ер адам: Кәрі қыздарды ұнатпаймын (фото)

"Екі Қазақстан азаматы құрылыс нысанының күзетшілері оларға дене жарақаттарын салғанын айтып, шағым түсірді. Олардың шағымынан кейін "Бұзақылық" бабы бойынша сот алды тергеу басталды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Күзетшілер мен жұмыскерлер арасында жанжал туып, арты төбелеске ұласқаны анықталды. Күдіктілер де анықталған", - дейді Астана ІІД баспасөз қызметі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1629758-kuzetshiler-men-qurylysshylar-nazarba.html