RU

Сүйіктісін қорғамақ болған қызды ұрған шымкенттік полицей жұрттың ашуына тиді (видео)

Шымкенттік полицей көшенің қақ ортасында бейтаныс бойжеткенді соққыға жықты. NUR.KZ. редакциясына хабарласқан оқырманның айтуынша, оқиға Шымкент қаласындағы, Тәуке хан даңғылы бойында таңғы сағат 7:40-та болған.

Оқиға куәгерінің айтуынша, қала кафелерінің бірінде жанжал орын алып, оқиға орнына құқық қорғау қызметкерлері келген.

Видеодан байқағанымыздай, полиция жігітті қызметтік көліктің ішіне күштеп отырғызып жатыр. Ал жігіт болса, барынша қарсылық танытуда. Құқық қорғау қызметкерлері әкетпек болған жігітке араша түсіп жүрген қыз оның сүйіктісі болуы мүмкін. Оның жігітін қорғаштамақ болғанын көрген полцейлердің бірі қыздың ішінен ұрады.

Тағы оқыңыздар: Астанадағы белді университеттің аймағында күзетшілер мен құрылысшылар жаға жыртысты (видео)

Оқиғаның қалай болғаны әзірше белгісіз. Куәгерлер қызды полиция қызметкері ұрды деп отыр. Портал тілшісі Шымкент қаласы ІІД бөлімшесіне ақпараттық сұраныс жіберді.

Ескерту! Видеода бейәдеп сөздер кездеседі!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1629818-shymkenttik-policey-suyiktisin-qorgha.html