Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мемлекеттік қызметкерлердің санын қысқарту еңбек өнімділігіне кері әсерін тигізбей ме?

Опубликовано:

Таяуда мемлекеттік қызметкерлердің санын 15 пайызға қысқарту жайында Президент Жарлығының жобасы әзірленіп қойғанын білдік.

Есептеп отырсақ, шамамен 25 мыңға жуық адам қызметінен босатылады екен. Бұдан мемлекет бюджеті біршама қаржыны үнемдеп қалатыны да анық.

Бірақ, екінші жағынан, мұның артында қаншама отбасының тағдыры тұр. Қысқартуға он шақты ғана адам емес, мыңдаған адам ілігетіндіктен, оларды жұмыспен қамту жағы да ескерілуі тиіс. Өйтпеген күнде ертең жұмыссыздық белең алуы мүмкін.

Үкімет осындай шешім қабылдамас бұрын, оның әлгіндей "жіңішке" тұстарын ескерген болар деген үмітпен біз де мәселені таразы басына тартқанды жөн көрдік.

Есептеп отырсақ, шамамен 25 мыңға жуық адам қызметінен босатылады екен

Уәлихан Қайсар, саясаткер:

– Мемлекеттік қызметкерлерді қыс­қарту идеясы осыдан үш-төрт жыл бұрын да шыққан еді. Премьер-министр сол кезде "мемлекеттік қызметкерлердің са­нын 10 пайызға қысқарту қажеттігін" айт­қан болатын. Сондай-ақ бұл идея 2005 жылы да Президент Жолдауына сәй­кес "мемлекеттік қызметкерлерді үштен бірге қысқарту керек" деп көтерілді. Қысқартуды сол кезде жүргізген дұрыс болар ма еді, бірақ дәл қазір, меніңше, бұл дұрыс емес-ау. Себебі бүгінгі таңда мемле­кеттік қызметкерлердің санын азайтатын болсақ, онда бюрократизм одан сайын өрши түседі. Неге десеңіз, біздегі қағазбастылықтың себебінен мем­лекеттік органдар жұмыс ауқымын иге­ре алмай жатыр. 

Мысалы, бір тапсырманы орын­дау үшін бізде бірнеше қызметкер жұмы­лады. Бір ғана құжат алу үшін айлап жүруге тура келеді. Сондықтан да егер мемлекеттік қызметкерлердің санын қазір азайтатын болсақ, еңбек өнімділігі тіптен төмендеп кетуі мүмкін.

Менің ойымша, мемлекеттік қыз­меткерлерді қысқартпастан бұрын жұмыстарының әдістемесін оңтай­ландырып, бір жүйегетүсіріп алу керек. Яғни қағазбастылықты қыс­қарту керек.  Олай етпей тұрып, мемлекеттік қызметкерлерді қысқарту дұрыс емес.

Мәселен, мамырда тапсырыс берілген төлқұжаттардың әлі күнге дейін дайын болмай жатқанын кездестіреміз. Басқа салаларда да солай, бір анықтама қағазын алу үшін бірнеше күн жүресің. Халыққа қызмет көрсету орталықтары бір құжатты екі-үш күнде дайын болады деп жазып қояды.

Ақиқатына келсеңіз, сол қажетті құжатыңды апталап күтесің. Мұндай жағдайлар өз басымнан да өтті. Бір анықтаманы алу үшін сол орынға үш рет бардым. Әр барған сайын "әлі дайын емес" деп шығарып салады. Сол жердегі жазу бойынша ол үш күнде дайын болуға тиіс еді.

Бәкір Әбдіжәлел, саяси ғылымдар докторы:

Жоқ

– Біріншіден, мемлекеттік қызмет­керлерді қысқарту сапалы жүргізіле­тін болса, қысқарту қажет болатын адам­дарды қысқартып жатса, ол еңбек сапа­сы мен өнімділігіне әсер етпейді. Ал егер "әйтеуір, қысқарту керек" деп басшы­лар өзіне ұнай қоймаған, бірақ жұмы­сын жақсы істейтіндерді сарапта­май қысқартып тастаса, бұл, әрине, еңбек өнімділігіне кері әсерін тигізеді. Сон­дықтан да басшылар, ең бірінші, жұмыс­тан шығармас бұрын қол астын­дағы қызметкерлердің арасында сарап­тама жүргізу керек. Практикада мынадай жағ­дай кездеседі, көбіне жұ­мысқа кейін келген адамды қысқартып тастап жатады. Ал оның жұмыс сапасына көңіл бөліне бермейді. 

Практикада мынадай жағ­дай кездеседі, көбіне жұ­мысқа кейін келген адамды қысқартып тастап жатады. Ал оның жұмыс сапасына көңіл бөліне бермейді

Оның қабілетіне, мамандығы мен дәрежесіне, біліміне, еңбекқорлығына тағы сол сияқты факторларға қарамайды.

Егер қысқартуды асықпай, науқаншылдық жасамай, сапалы жүргізетін болса, меніңше, ол еңбек өнімінің сапасына әсер ете қоймайды.

Сондай-ақ әрбір жұмыскер өзінің потенциалдық мүмкіндігін пайдаланып жұмыс істейтін болса, еңбек өнімділігіне ешқандай зиян келмейді.

Бізде мынадай бір мәселе бар: әрбір адамның қабілетіне қарай жалақы тағайындау деген жоқ.

Бұл – өте қажет нәрсе. Мұндай жүйе шетелдерде кеңінен қолданылады. Мәселен, бізде нұс­қау­шысың ба, нұсқаушының бәріне бірдей жалақы тағайындайды. Қабі­леттісің бе, біліктісің бе, қаншама жыл жұмыс істеген тәжірибең бар ма, жоқ па, ғылыми дәрежең бар ма, жоқ па, бізде ондай нәрселерге қарай бермейді. Меніңше, осындай мәселені ескерген жөн.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/162983-memlekettik-kyzmetkerlerdin-sanyn-kyskartu-enbek-onimdiligine-keri-eserin-tigizbej-me/

pixel