RU
Алматылық азамат қауіпті қылмыскерлермен тау басында алты жыл жасырын тұрған (фото)
Жаңалықтар Қоғам

Алматылық азамат қауіпті қылмыскерлермен тау басында алты жыл жасырын тұрған (фото)

Рассказать Вконтакте

Алматы тұрғыны тұрақты жұмыс іздеймін деп полицейлердің іздеуінде жүрген қылмыскерлермен бірге алты жыл құлдықта болған деп хабарлайды NUR.KZ порталының тілшісі. Тегін жұмысқа жегіліп қана қоймай, денсаулығынан айырылған Михаил (аты өзгертілді) құлдықта көрген азабы мен өзін қамап ұстаған дөкейлерден қалай қашып құтылғанын айтып берді.

Алматылық азамат қауіпті қылмыскерлермен тау басында алты жыл жасырын тұрған (фото)

Алты жыл құлдықта болған алматылық Михаил. Фото: NUR.KZ.

«2010 жылы бір алаяқтар Алматыдағы екі бөлмелі пәтерімді өздеріне жазып алып, мені көшеге қуып жіберді. Соттасуға ақша жоқ, бір күнде бомж болып қалдым. Амал жоқ көрінген жерде жалдамалы жұыс істедім. Бір күні орта жастағы жігіт «қонатын үйің жоқ, менің мал шаруашылығым бар, сол жерге барып қыстап шық. Ай сайын 20 мың теңге жалақы да берем. Қора-қопсыны жөндеп берсең болды. Тамағың тегін» деді.  Жарайды деп Алматыдан 200 шақырым жердегі Райымбек ауданындағы шаруашылыққа бардық. Менің мамандығым - құрылысшы. Бірақ бұл жерге келе сала қой бақтым. Олар екі-үш айдан соң "айлығыңды жинап бірақ береміз, қазір қиындық болып тұр" деп айтты. Басында екі-үш адам ғана жұмыс істедік. Кейін мал басы да, ол жердегі жұмысшылар саны да көбейді. Жалғыз өзім жаяу жүріп 3000 бас қой бағам. Сонда беретіндері қара суға қайнатылған картоп немесе кеспе. Сонша мал тұрып бір түйір ет салмайды тамаққа. Бір күні қожайынға «Алматыға кетемін» деп айтқан едім, олар мені ұрып қамап қойды. Араға уақыт салып қой бағып жүріп қашып едім, трассаға жетпей ұстап алып тағы қайтарды», - дейді құл болған Михаил.

Тағы оқыңыздар: Бақытбек Есентаевтың әпкесі туыстарын қаралаған Баянға ескерту жасады

Құлдардың бригадирі болып іздеудегі қылмыскер тағайындалды

«Менен басқа жүрген жұмысшыларға да көк тиын төленбеді, дәлірек айтсақ барлығымыз құл екенімізді білдік. Бірігіп қашуды да жоспарладық. Алайда қожайынның баласы қаладан іздеуде жүрген төрт қылмыскерді әкеліп, бізге бригадир етіп сайлап қойды. Оларға да ақша төлемейді. Тек темекі және аптасына бір рет ішімдік береді. Бригадирлердің бар тындыратыны мен секілді тоғыз құлды аңдып, жұмысын тексеріп, сабау. Аптасына екі рет сылтау тауып соққыға жығады. Бір күні сөз қайтарғаным үшін бетімнен теуіп, алдынғы тоғыз тісімді түгел түсірді, аяғымды сындырды. Бірақ соған қарамастан дәрігерге көрсеткен жоқ. Бетім бері қарағанда қайтадан қой баққызды», - деп күрсінді Михаил.

Алматылық азамат қауіпті қылмыскерлермен тау басында алты жыл жасырын тұрған (фото)

Алты жыл құлдықта болған Михаил сауықтыру орталығында. Фото: NUR.KZ.

Қожайыннан төртінші рет қашып құтылу

Мал жайылымы мен көлік жүретін тас жолдың арасы біраз жер. Жаяулатып кемі үш сағат жүресің. Мамыр айында барлығы мал қораны тазалап жатқан кезде, қойды өріске шығарып артынша қашып кеттім. Құдай жолымды оңдап мен тас жолға жеткенде қалаға қарай бір көлік кетіп барады екен. Негізі трасса бойында көлік өте сирек жүреді. Жүргізуші тоқтаған сәтте «құтқаршы, мені құлдықта ұстады» деп  жалындым. Жас жігіт «артқа отыр» деп бар жылдамдықпен Алматыға қарай тоқтамай кетіп қалды. Қалада бірден бомжханаға түсіп, басшыларына болған жайды айттым. Басында бәрі мені алқаш деп ойлады. Себебі, түрім тым қорқынышты еді. Бейімдеу орталығында бір күн түнеп, ертесі адам саудасының құрбаны болғандарға арналған «Родник» орталығына орналастым. Әлеуметтік қызметкерлер бар құжатымды жасап, тіпті тіс те салып берді. Денсаулығым жақсарған соң, қазір бір құрылыс мекемесіне ағаш шебері болып жұмысқа тұрдым.

Полицияға арыз жазғаннан пайда жоқ

Алты жылын құлдықта өткізген азамат өзін қорлық пен зорлықта ұстаған азаматтарға қатысты полицияға арыз жазбапты. Оның себебін Михаил құқық қорғау органдарына сенбейтінімен түсіндірді.

Алматылық азамат қауіпті қылмыскерлермен тау басында алты жыл жасырын тұрған (фото)

Алты жыл құлдықта болған алматылық Михаил. Фото: NUR.KZ.

«Мал шаруашылығына талай рет полицейлер келген. Олар біледі сол жерде қашып жүрген қылмыскер де, құлдардың да бар екенін. Бірақ, көздерін жұма қарайтын. Өтірік хаттама толтырып кетіп қалатын. Менің сол жерде құл болғанымды қазір ешкімге дәлелдей де алмаймын және сонша малы бар азамат жазаланбайды да. Керісінше арыз жазғаным үшін мені тауып өлтіруі мүмкін. Қалған өмірімді тыныш өткізгім келеді» деген азамат биыл жасы 57-ге толатынын айтты.

Тағы оқыңыздар: Алматыда не педалі, не қозғалтқышы жоқ ерекше көліктер жарысты

Алматылық азамат қауіпті қылмыскерлермен тау басында алты жыл жасырын тұрған (фото)

Алты жыл құлдықта болған Михаил сауықтыру орталығында. Фото: NUR.KZ.

Walk Free Foundation құқық қорғау ұйымының мәліментінше Қазақстанда 44 мың азамат құлдыққа түскен. Осындай  жағдайға тап болғандардың басым көпшілігі - тұрақты жұмысы жоқ, қаңғыбастар мен әлеуметтік жағдайы төмендер және құжатынан айрылғандар екен. Тағы бір айта кетерлігі, құлдықтың қамытын кигендердің арасында кішкене балалар да кездеседі. Оларды қожайындары көбінесе қайыр сұрауға немесе ұрлық жасауға мәжбүрлеп ақша табуда. Ал, жыл сайын елімізде адам саудасына қатысы бар деген айыппен және құл ұстағаны үшін 100-ге жуық қылмыскер түрмеге тоғытылса да бұл бизнестің бәсеңдейтін түрі жоқ.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
29
16
38
68
12
9
34
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір