RU
Арабияның бай-бағландары әйелдеріне көлік жүргізуге алғаш рет рұқсат берді
Жаңалықтар Әлемде

Арабияның бай-бағландары әйелдеріне көлік жүргізуге алғаш рет рұқсат берді

Рассказать Вконтакте

Сауд Арабиясында әйелдердің көлік жүргізуіне рұқсат берілді. Бұл туралы жарлыққа Сауд Арабиясының королі Салман бен Абдел Әзиз әл Сауд қол қойды деп хабарлайды Al Arabia телеарнасына сілтеме жасаған Азаттық.

Арабияның бай-бағландары әйелдеріне көлік жүргізуге алғаш рет рұқсат берді

Эр-Рияд көшесінде жүрген Сауд Арабиясының әйелдері

Жарлық бойынша, жаңа заңның орындалуын ішкі істер министрлігі, қаржы министрлігі, еңбек және әлеуметтік даму министрлігі қамтамасыз етеді. Жарлық 2018 жылдың маусымына қарай іске асырылмақ.

Сауд Арабиясы әлемдегі әйелдердің көлік жүргізуіне тыйым салынған жалғыз мемлекет болатын.

Тағы оқыңыздар: Көрікті арудың басы үшін 1 млн доллар сыйақы тағайындалды (фото)

Белсенділер әйелдердің көлік жүргізу құқығы үшін 1990 жылдардан бері күресіп келеді. Әйелдердің көлік жүргізуіне консерватор ислам діндарлары қарсы болып келген.

Бұл елде көлік жүргізу құқығы үшін күрескен әйелдер жиі тұтқындалып, жазаланған.

Сіздің реакцияңыз
0
2
3
2
10
8
7
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel