Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Баян Есентаеваға қайын атасы ән арнады (видео)

Опубликовано:

Баян Есентаеваның қайын атасы Тұрым Алагөзов желі парақшасында оған арнаған әнін жария етті деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Тұрсынғали Алагөзовтің әкесі Тұрым Алагөзов белгілі композитор, дирижер әрі Композиторлар одағының мүшесі екені белгілі.

Тағы оқыңыздар: Бақытбек Есентаевтың әпкесі туыстарын қаралаған Баянға ескерту жасады

"Мен бұл музыканы халқымыздың ұлы қызы Баян Мақсатқызына арнаймын... Баян туралы жақсы-жаман дүниелер айтып жатқандар оның сіңірген еңбегі мен жетістіктерінің бір бөлігін болса да істеп көрсін. Екі сағат бойы оны кесіп, тіліп, қорлық көсеткен қорқынышты жағдайдан кейін бір жыл ішінде Баян көркем фильм түсіруге, кітап жазуға, қалпына келуіне күш таба алды.

Өзін қиын сәтте тастап кетпеген нағыз дос таба білді. Ол өз мақсатын айқын білетін шынайы жан. Ол өзгелер секілді қуанып, күйінеді, сүйіп, қаймығады. Алайда оны Жаратушы ерекше дарынға бөлеп, өз қорғауына алған. Еңбекқор, мейірімді, дарынды, ұлы халқымыз үшін ұзақ ғұмыр кеш, Баян", - деп жазған Тұрым Алагөзов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1629992-bayan-esentaevagha-qayyn-atasy-arnad/

pixel