RU
Туа сала анасын құшақтаған сәби көпшіліктің жүрегін елжіретті (видео)
Жаңалықтар Қоғам

Туа сала анасын құшақтаған сәби көпшіліктің жүрегін елжіретті (видео)

Рассказать Вконтакте

Туа сала анасын құшақтаған сәби көпшілікті сүйсінтті, деп хабарлайды шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасаған Baq.kz.

Бразилияның Санта Моника ауруханасында 2017 жылдың бесінші мамырында кішкентай Агата Рибейро Коэльо кесарь тілігі арқылы дүниеге келген екен.

Жаңа туған нәрестені анасының қасына апарған сәтте дәрігерлер таңғаларлық жайттың куәсі болыпты. Олар баланың анасынан айырылғысы келмей, қатты құшақтап алғанын видеоға түсіріп алған.

Агата анасының қасында өзін өте жақсы сезінгені соншалық, бір сәтке де анасының жанынан алшақтағысы келмейді.

Тағы оқыңыздар: Көрікті арудың басы үшін 1 млн доллар сыйақы тағайындалды (фото)

Видеода көрінгендей, дәрігер баланы анасынан ала бергенде ол жылай бастайды. Қайтадан жақындатса, жылағанын доғара қояды.

«Қызымның алғаш рет мені құшақтап алған кезі сондай әсерлі сәт болды», - дейді баланың анасы Бренда.

Ана мен баланың арасындағы махаббатты көрсеткен бұл видео YouTube желісінде 800 000 мыңнан астам рет қаралған.

Сіздің реакцияңыз
4
1
4
3
6
190
6
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel