RU

Қызғаншақ әйел күйеуінің көңілдесін аяусыз тістеп тастады

Девушка ревнует парня
Иллюстративное фото: Pixabay.com

Украинаның Запорожье қаласында күйеуінің көңілдесіне тап беріп, оны тістеп тастаған әйел ұсталды. Бұл туралы NUR.KZ порталы 1news.zp.ua сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Әйел күйеуін қылмыс үстінде ұстаған сәтінде қатты ашуға булыққан. Ол жанжал шығарып, пәтердегі заттарды сындыруға кіріседі. Мұнымен тоқтамай күйеуінің көңілдесіне тап берген келіншек оны аяусыз тістеп тастаған.

Тағы оқыңыздар: Баян Есентаеваға қайын атасы ән арнады (видео)

Оқиға орнына келген полицейлер оны тоқтатпақ болғанда, әйел тәртіп сақшыларын да тістемек болады. Кейін балконға беттеп, секіріп кетпек болған әйелді полицейлер тоқтатып үлгерді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1630064-qyzghanshaq-ayel-kuyeuininh-konhildesin-2.html