RU
Түркияда жеті қазақстандық жантүршігерлік жол апатына түсті (видео)
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Түркияда жеті қазақстандық жантүршігерлік жол апатына түсті (видео)

Рассказать Вконтакте

Анталияда апатқа ұшыраған қазақстандықтардың сақтандыру полисі болмаған. Бұл туралы СІМ баспасөз қызметінің басшысы Әнуар Жайнақов мәлім етті, деп хабарлайды Baq.kz.

Түркияда жеті қазақстандық жантүршігерлік жол апатына түсті (видео)

Видеодан кадр

«Қазақстанның Антальядағы консулы біздің азаматтарымызбен үнемі байланыста және ауруханаларға барып, олардың қал-жағдайын біліп отыр. Жеті қазақстандық Антальяға өз беттерінше барған, өкінішке орай, сақтандыру полистері болмаған. Сондықтан апаттан кейін хирургиялық операцияның төлеміне байланысты қиындықтар туындады», - дейді ол.

Сондай-ақ, СІМ өкілі қазақстандықтарға жасалып жатқан көмектер туралы айтты.

Тағы оқыңыздар: Бақытбек Есентаевтың әпкесі туыстарын қаралаған Баянға ескерту жасады

«Дегенмен, біздің дипломатымыз түрік тарапымен келісімге келді, яғни ауыр жараланған бес қазақстандықтың медициналық шығыстарын такси жүргізушінің сақтандыру компаниясы өзіне алатын болды. Тағы екі азаматымыз бойынша төлеу мәселесі шешілу үстінде. Қазір біздің қазақстандықтардың жағдайы тұрақты. Оның ішінде екі азаматымыздың жамбас сүйектері сынған, бір қызымыздың миы қатты шайқалған. Олардың барлығы да өз бетінше қозғала алмайды. Бүгінде қазақстандықтарды елге әкелу мәселесі шешілуде», - дейді Жайнақов.

Еске сала кетейік, Түркияға Қазақстаннан демалуға барған жеті адам жантүршігерлік жол апатына ұшырған болатын. Жол-көлік оқиғасынан төрт түрік азаматы қаза тапты, ал қазақстандықтар түрлі дәрежеде жарақат алды.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
7
3
17
1
1
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel