RU

Қарызын қайтарып болмаған жігітті атып өлтірген ақтөбелік азамат сотталып кетті

Кеше Ақтөбе облыстық қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық мамандандырылған сотында адам өлімімен аяқталған қылмыстық іс бойынша сот үкімі шықты деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Нұрлан Жолдасов есімді қала тұрғыны танысына көлік сатады. Сатып алушы көліктің қалған ақшасын ұзақ уақыт қайтармаған. Сотталушы қарызын бермей жүрген адамды бірнеше рет қорқытады. Араларында төбелес те болған. Ақыр соңында көлігін алған адамды үйінің алдында атып кетеді.

Сот материалдарына сүйенсек, қылмыс жасаған қаруын өзенге лақтырып кеткен. Кейін ол жасаған қылмысын туыстарына айтып береді. Ол қарудың атылғанын, адамға тиген не тимегенінен бейхабар болыпты. Жараланған жəбірленуші ауруханада көз жұмған.

Сотқа дейінгі жəне сот тергеуімен Нұрлан Жолдасовтың аталған қылмысқа қатысы бары анықталды. Сотталушының кəмелеттік жасқа толмаған баласы бары ескеріліп, оны 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасы кесілді.

Тағы оқыңыздарАтақты болғысы келген бойжеткен тіс пастасы мен сабынды жеп қойды (видео)

Жəбірленуші тарап соттан 10 миллион теңге моральдық шығын өндіріп беруді сұраған.

Сот отбасының əлеуметтік жағдайын ескеріп, Нұрлан Жолдасовқа зəбірленушінің отбасына 3 млн теңге моральдық жəне 1,2 млн теңге материалдық шығынды өтеуді міндеттеді. Сотталушы сонымен қатар, тергеу жұмыстарына кеткен мемлекет шығынын да өтеу керек.

Жəбірленушінің де, сотталушының да кəмелеттік жасқа толмаған балалары бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1630302-qaryzyn-qaytaryp-bermegen-tanysyn.html