RU

Ашынған депутат министр Біртановке көліктен түсіп, арбамен жүруді ұсынды

Парламент мәжілісінің депутаты Магеррам Магеррамов Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановке "өткен ғасырдағы үлгідегі" мүгедектер арбасына отырып, олардың ыңғайсыздығын сезініп көруге ұсыныс тастады.

Тағы оқыңыздарАтақты болғысы келген бойжеткен тіс пастасы мен сабынды жеп қойды (видео)

"Министр мырза, егер сіз бір күн автокөліктен ауысып, мүгедектердің арбасына отырып, онымен қала ішінде қоғамдық көлікпен жүріп көрсеңіз, одан соң тұрғын үйлер мен мекемелердің пандусына шығу әрекетін жасаңыз, болып жатқан проблемаға көбірек көңіл бөлер едіңіз", — деді Магеррамов мәжіліс отырысында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1630328-ashynghan-deputat-ministr-birtanovke-k.html