RU

Алматылық келіншекті ұйықтап жатқан жерінен егеуқұйрық тістеп алған

Алматылық Жанар есімді келіншекті түнде ұйықтап жатқан жерінен егеуқұйрық тістеп алған. Пәтерден пәтерге көшіп жүрген келіншектің айтуынша, бүгінде Алматыдағы пәтер жалдаушылар үшін басты проблема - осы егеуқұйрықтар болып отыр деп хабарлайды NUR.KZ.

Жанардың айтуынша, ол үйде егеуқұйрықтардың барын тіптен білмеген де екен. Алматыдан пәтер жалдап тұратын келіншек өзін түнде егеуқұйрық тістеп алғанын бірден білген.

"Егеуқұйрықтар түнде адамның дене мүшесін кеміріп кетеді ғой. Қайта құдай сақтап, ояу жатқам. Төсекке шығып алған екен. Аяғымнан тістеп алды. Тістеп алғанын бірден сезіп, ауруханаға жүгіндім. Әуресі көп екен. Егеуқұйрықтың ондаған жұқпалы ауру жұқтыруы мүмкін екен. Кәдімгідей ем қабылдап жатырмын", - деді Жанар.

Тағы оқыңыздар: Ашынған депутат министр Біртановке көліктен түсіп, мүгедек арбасымен жүруді ұсынды

Осыған орай, Алматы қаласының аумағында 25 қыркүйектен бастап, жаппай кеміргіштердің көзін жоюға бағытталған дератизация шаралары қолға алынды. Бұл шаралар қала тұрғындары арасында аса қауіпті инфекциялық аурулардың таралып кетуінің алдын алады.

Кеміргіштерді жою жөніндегі шараларды "Алматы қаласы бойынша дезинфекциялау орталығы" РМК-ғы ЖШҚ филиалы жүзеге асырады. Жетекшісі - Бекбосынов Е.А.

Аталған іс-шаралар 26 қазанға дейін жалғаспақ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1630407-almatylyq-kelinshekti-uyyqtap-zhatqan.html