RU
Атақты "Физрук" сериалында ойнаған жас актер біреуге көмектесем деп ажал құшты
Жаңалықтар Әлемде

Атақты "Физрук" сериалында ойнаған жас актер біреуге көмектесем деп ажал құшты

Рассказать Вконтакте

Мәскеуде "Физрук" телесериалында ойнаған жас актер Егор Клинаев кенеттен көз жұмды деп хабарлайды Life.ru агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Атақты "Физрук" сериалында ойнаған жас актер біреуге көмектесем деп ажал құшты

Егор Клинаев. Фото: kino-teatr.ru

Көшеде жол апаты болғанын көрген ол өз көлігінен түсіп зардап шеккендерге көмек көрсеткісі келген. Сол уақытта оны басқа көлік қағып кетіпті.

Жеңіл автокөлік жүргізушісі үлкен апат болғанын байқамай қалып, үш адамды соғып кеткен. Олардың арасында Егор да болды. Алған жарақаттарының салдарынан актер оқиға орнында көз жұмған.

18 жастағы Егор Клинаев ең алғашқы шығармашылық жолын 2012 жылы бастады. Былтырғы жылы ол атақты "Физрук" сериалының үшінші маусымында ойнаған болатын.

Сіздің реакцияңыз
3
5
7
49
7
3
8
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel