RU
Түркия отелінде шетелдік туристер аяусыз соққыға жығылды (фото, видео)
Жаңалықтар Әлемде

Түркия отелінде шетелдік туристер аяусыз соққыға жығылды (фото, видео)

Рассказать Вконтакте

Анталияға демалуға келген үш турист отельдердің бірінде соққыға жығылды. Бұл туралы NUR.KZ порталы fishki.net сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Түркия отелінде шетелдік туристер аяусыз соққыға жығылды (фото, видео)

Туристер. Фото: fishki.net

Свердловск облысынан Түркияға демалуға келген туристер барменнің жұмысына көңілі толмай, шағым түсірмек болады. Алайда бұл шағымның соңы төбелеске ұласқан.

"Бармен бізбен дөрекі сөйлескесін, ресепшнге барып, менеджерді шақыртуды өтіндік. Алайда қызметкерлері мені жағамнан алып, жұдырық сермеді. Бастапқыда олар алтау еді. Кейін 12, 30, тіпті 40-қа жетті. Мен тек қорғанып, бүркенумен болдым. Олар менің досымды соққыға жығып, тіпті қасымыздағы қыздарға қол көтерді", - деп есіне алды туристердің бірі.

Түркия отелінде шетелдік туристер аяусыз соққыға жығылды (фото, видео)

Тағы оқыңыздар: Кейуананың кейпіне енген жас бойжеткен өмірге құштарлығымен жұртты тәнті етті (фото)

"Қыздар қан-жоса болды. Біз оларды тыныштандырмақ болғанымызда, артымнан біреу келіп таяқпен бастан ұрды. Кейін бірнеше рет соққы жасап, қан-жоса күйімде мені бассейнге лақтырды. Артынша досымды ұруға кірісті", - деп есіне алды Никита есімді азамат.

Отель қызметкерлері шағымданған туристердің өзін кінәлап шықты. Айтуларынша, туристер ішіп алып, өзін дөрекі ұстаған.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
12
5
5
2
5
20
5
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel