RU
Ресей патшасының көңілдесі туралы атышулы фильм елімізде көрсетілетін болды
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Ресей патшасының көңілдесі туралы атышулы фильм елімізде көрсетілетін болды

Рассказать Вконтакте

Режиссер Алексей Учительдің «Матильда» фильмін Қазақстанда көрсетуге рұқсат етілді. Бұл туралы бүгін Астанада өткен Мәдениет және спорт министрлігің шенеуніктері мен Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің сарапшыларына арналған фильм көрсетілімінен кейін белгілі болды деп хабарлайды NUR.KZ.

Ресей патшасының көңілдесі туралы атышулы фильм елімізде көрсетілетін болды

Фильмнен алынған кадр. Фото: vm.ru

Көрсетілім «Меломан-Кинопрокат» компаниясының ұйымдастыруымен жасалған.

Тағы оқыңыздар: Түркия отелінде шетелдік туристер аяусыз соққыға жығылды (фото, видео)

"Фильмді Қазақстанда көрсету туралы шешім картинаны қарап, контентті түсінген соң ғана қабылданды. "Матильда" төңірегінде туындаған дау-дамайдың бұған әсер етпегеніне қуаныштымын.

Әрине, бұл - отбасылық емес, ауқымды ойлай алатын аудиторияға арналған фильм», - дейді "Меломан" компаниясының бас директоры Вадим Голенко.

Аталмыш фильм Қазақстан кинотеатрларының барлығында көрсетіледі деп жоспарланған. Оған 16+ жас шектеу қойылады.

«Матильда» драмасы Цесаревич Николай Александрович пен балерина Матильда Ксезинскаяның қарым-қатынасы туралы әңгімелейді.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
14
3
7
4
2
7
8
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір