RU

Қазақстан бәсекеге қабілетті 50 ел қатарынан шығып қалды

Бүкіләлемдік экономикалық форум әлемдегі ең бәсекеге қабілетті елдер тізімін жария етті. Швейцария, АҚШ пен Сингапур үздік үштіктің қатарынан табылды. Бұл туралы NUR.KZ порталы форумның сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Үзік ондыққа Нидерланд, Германия, Гонконг, Швеция, Ұлыбритания, Жапония мен Финляндия енген.

Ал Қазақстан 137 елдің ішінде 57-орыннан табылды.

Ресей болса, 43-орыннан 38-орынға жоғарылап, жағдайын жақсартқан.

Тағы оқыңыздар: Алматылық келіншекті ұйықтап жатқан жерінен егеуқұйрық тістеп алған

2015 жылы Қазақстан аталмыш тізімде 42-орында болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1630524-qazaqstan-basekege-qabiletti-50-el-qata.html