RU
Селфидің қызығына батқан студенттер достарының суға кеткенін байқамай қалған (фото)
Жаңалықтар Әлемде

Селфидің қызығына батқан студенттер достарының суға кеткенін байқамай қалған (фото)

Рассказать Вконтакте

Селфи жасап тұрған студенттер достарының суға батып кеткенін байқамай қалған деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Селфидің қызығына батқан студенттер достарының суға кеткенін байқамай қалған (фото)

Фото: baq.kz

Үндстанда Бангалор ұлттық колледжінің студенттері 300 жылдық тарихы бар ғибадатхананың жанына демалуға барады. Біраз жүрген соң өзенге барып, суға шомылған.

Соңынан барлығы суретке түсіп, селфи жасайды. Сол кезде бір студент суға батып кетеді, ал достары оны байқамай қалған көрінеді.

«Біз өзенге түсіп шыққаннан кейін Гунданджаней ғибадатханасына бардық. Ол жерде де Вишвастың жанымызда жоқ екенін байқамадық», - дейді студенттердің бірі.

Тағы оқыңыздар: Түркия отелінде шетелдік туристер аяусыз соққыға жығылды (фото, видео)

Вишвастың суға батып кеткенін жолдастары селфидегі суреттерін мұқият қараған кезде бірақ біледі. Сөйтіп, бір сағат өткен соң ғана оны іздеп, өзенге қайтып барғанда бәрі кеш болған. Вишвас суға батып кеткен.

17 жастағы жасөспірімнің ата-анасы болған жайт үшін мұғалімдерді кінәлауда. Өйткені өзенге шомылуға тыйым салынған екен. Бірақ, мұғалімдері суға түсуге болмайтыны туралы ескерту жасамаған.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
15
4
14
24
13
5
28
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel