RU
Алматыда Қытай консулдығының табалдырығын аттап баса алмай жүрген жұрт шу шығарды
Жаңалықтар Қоғам

Алматыда Қытай консулдығының табалдырығын аттап баса алмай жүрген жұрт шу шығарды

Рассказать Вконтакте

Алматыдағы Қытай консулдығында тағы да жанжал. Екі айлап мекеменің табалдырығын аттап баса алмай жүрген отандастарымыз бүгін де айқайға басты деп хабарлайды КТК арнасы.

Алматыда Қытай консулдығының табалдырығын аттап баса алмай жүрген жұрт шу шығарды

Қытай консулдығының алдында кезек күткен жұрт. Кадр КТК арнасы

Ашулы жұрт консулдықты айналшықтап шаршаған. Олардың осылай тентіреп жүргеніне екі айдан асыпты. Күнде таңғы төрттен осында беттегенімен, кешке табалдырық аттамастан кері қайтады.

"Алматы қаласындағылар, жарайды, келеді-кетеді. Жақын жер. Онда да жұмысын тастайды. Уақыты кетеді. Ал, енді Талдықорғаннан, Ұзынағаш жақтан келгендер бар. Олар қайтеді?!", - дейді Болат Шайқы.

Тағы оқыңыздар: Шығыс Қазақстан облысында 35 жастағы азамат өзін-өзі жарып жіберді

Виза үшін өзге қаладан келгендер көп. Кейбірі, тіпті, далада түнеуге мәжбүр.

"Далада түнеп жүрмін, қарақтарым. Ақшам да таусылды, міне. Жаны ашып, әркім алып кетеді үйіне мені", - дейді Күлпаш Ақи.

Алматыда Қытай консулдығының табалдырығын аттап баса алмай жүрген жұрт шу шығарды

Қытай консулдығының алдында кезек күткен жұрт. Кадр КТК арнасы

Еңкейген қария да, еңбектеген бала да мекеменің ішіне кіре алмай әбден шаршаған. Тіпті, осы жағдайдың кесірінен туған әкесінің жаназасына бара алмай жүргендер де бар.

"Менің әкем өліп қалды. Жете алмай жатырмын әкеме", - дейді Гүлмира Мәмет.

Жүзден аса адам күнде таңертең өзара кезекке тұрады. Тек оның пайдасы шамалы. Айтуларынша, консулдыққа кіре берісте тұрған күзетші мен сақшыға ақша бергендер ғана ішке кіріп, құжатын реттей алады. Ал жағдайы жоқтары осылай қала береді екен. Бірақ, кезек сатып, бизнесін дөңгелетті деп айыпталған күзетшілердің өзі мұның бәрін жоққа шығарды.

"Айлап жүр адамдар, көріп жүрміз ғой. Мен ақша аламыз деп айта алмаймын", - дейді Қытай консулдығының күзетшісі Айбол Мұңайтпасов.

Алматыда Қытай консулдығының табалдырығын аттап баса алмай жүрген жұрт шу шығарды

Қытай консулдығының алдында кезек күткен жұрт. Кадр КТК арнасы

Жұмысшылардың өзі мұны жала дегенімен, Қытай консулдығы олардың жұрттан ақша алатынын растады. Өйткені, мұндай жағдай бұрын да тіркелген. Сөйтіп, күзетшілер бірнеше рет ауыстырылыпты. Бірақ, бірінің айласы бірінікінен асып түсуде. Әйтпесе, мына ғимараттың ішіндегі жұмыс қалыпты жүріп жатыр.

Тағы оқыңыздар: Селфиге түскен студенттер достарының суға батып кеткенін байқамай қалған (фото)

Қараша халық тұрмақ, пайдақор күзетшіден консулдықтың өзі шаршаған. Сондықтан, мамырда Ішкі істер және Сыртқы істер министрліктерінің Алматыдағы өкілдеріне хат жолдапты. Онда жұрттан ақша жинап, оңай пайданы көздеген азаматтармен күресуді өтінген.

Алайда, бес айға жуық уақыт өтсе де қос ведомства үнсіз. Әзірге консулдық олардан жауап күтіп отыр.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
24
2
13
4
12
4
17
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір