RU
Мьянма мұсылман-жасақшылары геноцидке өздері себепші болғанын мойындады
Жаңалықтар Әлемде

Мьянма мұсылман-жасақшылары геноцидке өздері себепші болғанын мойындады

Рассказать Вконтакте

Мьянмада тұратын рохинджа жасақшылары геноцидке өздері себепші болғанын мойындады, деп хабарлайды Baq.kz lenta.ru-ға сілтеме жасап.

Мьянма мұсылман-жасақшылары геноцидке өздері себепші болғанын мойындады

Мьянмадан қашқан мұсылмандар

«Аракан рохинджаларын құтқару армиясының» (ARSA) жасақшысы Абул Аляманың айтуынша, жасақшылар Мьянма әскерлеріне әдейі шабуыл жасаған. Осылайша олар билік тарапынан қуғынға ұшыраған рохинжда мұсылмандарының тағдырына әлем назарын аудартқысы келген.

«Күн сайын өлгеннен гөрі бір күнде өлген артық. Олар бізге күн көрсетпейтін, қинайтын, басқа амалымыз қалған жоқ. Біз мұның немен аяқталатынын білдік, сонда да ойымыздан бас тартпадық», - дейді ARSA командирінің орынбасары Рафик.

Тағы оқыңыздар: Екпе салдырудан бас тартқан ата-аналарға айыппұл салынбайтын болды

Мұсылман-жасақшылардың шабуылынан кейін билік әскері жауапты әрекетке көшті. Салдарынан мыңдаған рохинджа көршілес Бангладешке бас сауғалап қашқан болатын.

Мьянма билігі ARSA-ны мыңдаған жергілікті тұрғынның өліміне кінәлі террористер деп санайды. Журналистердің мәліметінще, топ лидері Ата Улла бірнеше мерте Пәкістан мен Сауд Арабияға барған. Ондағы мұсылмандар рохинджа халқына сөз жүзінде қолдау көрсеткенімен, нақты көмек көрсетуден бас тартыпты.

Рохинджа – Мьянмадағы Ракхайн штатында (басқаша атауы — Аракан) тұратын этникалық мұсылман бенгалдар. Діні – ислам, рохинджа және бенгал тілдерінде сөйлейді. Этникалық және тілдік жағынан олар Бенгладеш пен Үндістандағы көптеген халықтарға жақын.

Сіздің реакцияңыз
6
6
15
6
12
4
24
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel