RU

Еліміздің бірнеше облысында қар аралас жаңбыр жауады

«Қазгидромет» РМК алдағы күндердегі ауа райына болжам жасады.

Қазақстанның оңтүстік, оңтүстік-шығыс және шығыс облыстарында атмосфералық ағымдардың ықпалынан жаңбыр жауады.

Тағы оқыңыздар: Астанада алты баламен киіз үйде тұрып жатқан отбасы көмекке мұқтаж

Республиканың солтүстігі, солтүстік-шығысы мен орталығында алдағы екі тәулікте ауа райы жауын-шашынды, суық болады деп болжанып отыр.

Еліміздің шығысында, оңтүстік пен оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында қар аралас жаңбыр жауады.

Республиканың батысында антициклон ықпалынан күн ашық, ауа температурасы барлық облыста климаттық нормадан 3-8 градус төмен болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1630812-elimizdinh-birneshe-oblysynda-qar-aral.html