RU

Түркияда жантүршігерлік жол апатына түскен қазақстандықтар елге жете алмай отыр (видео)

Үш бойжеткен мен төрт жігіт Анталия қаласына бара жатқанда олар мінген такси жеңіл көлікпен соқтығысқан. Үш түрік азаматы сол жерде мерт болса, жерлестеріміз аман қалды. Бірақ жарақаттары өте ауыр. Қазір зардап шегушілер аурухана төсегіне таңылған. Енді оларды Қазақстанға жеткізу қиынға соғуда.

Өз беттерінше демалуға барғандықтан олардың медициналық сақтандырулары болмапты. Сондықтан ауруханада операция жасау кезінде біраз қиындықтар туындаған.

Тағы оқыңыздар: Астанада аспалы көпірден құлап кеткен алты жасар бала суға кетіп қалды

"Жеті қазақстандық Антальяға өз беттерінше барған, өкінішке орай, сақтандыру полистері болмаған. Дегенмен, біздің дипломатымыз түрік тарапымен келісімге келді, яғни ауыр жараланған бес қазақстандықтың медициналық шығыстарын такси жүргізушінің сақтандыру компаниясы өзіне алатыны болды. Тағы екі азаматымыз бойынша төлеу мәселесі шешілу үстінде", - дейді  СІМ ресми өкілі Әнуар Жайнақов.

Зардап шеккен қазақстандықтардың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Бірақ, үшеуінің жарақаты ауыр. Яғни, екі жігіттің жамбасы сынған, тағы бірінің миы қатты шайқалған. Оның үстіне бірінің көзі көрмей қалған екен.

Бұл үшеуі қазір өз бетінше қозғала алмайды. Оларды ұшақпен жатқызып жеткізу керек.

Бірақ, мұндай әуе қызметі адам басына бір жарым миллион теңге шамасында екен. Ал, депутаттар «Туристік Қамқор» қорының қол қусырып отырғанына қапалы.

Айтуларынша, қазақстандықтарды елге солар қайтаруы тиіс.

Тағы оқыңыздар: Оңтүстік Кореяға пластикалық ота жасатып келген шымкенттік қыздың жағдайы қалай?

"Қиын жағдайда қалған қыз-жігіттеріміз «Қамқор» қоры мен «Эйр Астанаға» хабарласып көмек сұрапты. Бірақ, нәтиже жоқ. Мұндай жағдайда «Қамқор» туристерге көмектесуі тиіс. Бұл олардың тікелей міндеті", - деді мәжіліс депутаты Дания Еспаева.

Ал "Қамқор" қоры қыз-жігіттердің Түркияға өз бетімен барғандарын мәлімдеді. Яғни, туркоды, не туристік компаниялармен келісім шарты болмаған. Сондықтан заң бойынша көмектесе алмайтындарын айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1630848-turkiyada-zhanturshigerlik-zhol-apatyna.html