RU
Тұрмыс тауқыметін тартқан әйелдер тамақ алу үшін шаштарын сатып жатыр
Жаңалықтар Әлемде

Тұрмыс тауқыметін тартқан әйелдер тамақ алу үшін шаштарын сатып жатыр

Рассказать Вконтакте

Венесуэладағы ауыр экономикалық жағдайдан соң, елдегі әйелдер қауымы күнкөріс үшін шашын сатып жатыр. Бұл туралы Мир24 арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Тұрмыс тауқыметін тартқан әйелдер тамақ алу үшін шаштарын сатып жатыр

Шаш қию. Көрнекі сурет: armedia.am

Елдегі сұлулық салондарына кезекке тұрушылар саны күрт көбейді. Себебі, дәрі-дәрмек пен тамақтан қысылған тұрғындар амалдың жоқтығынан шашын сатуға мәжбүр.

Қалың әрі табиғи шаштарды мұнда 6-20 доллар аралығында сатып алады.

Тағы оқыңыздар: Астанада аспалы көпірден құлап кеткен алты жасар бала суға кетіп қалды

Әрине, бұл шаштың қара базардағы құны. Қолаң шаштарына көбірек ақша алғысы келетіндер Панама мен Колумбияға жол тартады. Мәселен, 4 баланың анасы Айнис Гонсалес екі рет шашын сатып, тамақ сатып алған. Ал сыртқат аталарына дәрі алу үшін 14 жастағы қызының да шашын сатыпты.

Венесуэладағы ұзаққа созылған экономикалық дағдарыс ел халқын әбден тығырыққа тіреуде. Былтыр ел президенті Николас Мадуро электр энергиясын үнемдеу үшін әйелдерге шашын фенмен кептірмеуге кеңес берген еді.

Сіздің реакцияңыз
3
2
2
7
1
0
9
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel