RU

44 жасында миллионер атанған он төрт баланың анасы әлем назарына ілікті (фото)

АҚШ-та тұратын Тамми Амбел есімді мұсылман әйел 44 жасында миллионер атанды. Ол 16 жасында тұрмысқа шығып, 14 перзент сүйген деп хабарлайды  Islam.kz.

Біздің кейіпкеріміз жылына 1,7 млн доллар табыс түсіретін опа-далап бизнесімен айналысады. Ол ең алдымен опа-далаптың табиғи әрі денсаулыққа пайдала болуына мән береді.

Көпбалалы ана Виргиния штатына қарасты Лисбург елді-мекені маңындағы фермада отбасымен тұрады. Өнімдері үшін экзотикалық табиғи компоненттерді, мәселен, мароккалық арганды майды сатып алады.

Тағы оқыңыздар: Тұрмыс тауқыметін тартқан әйелдер тамақ алу үшін шаштарын сатып жатыр

Намибияда марулдың, ал мысырда қара зеренің майын сатып алу үшін сапарға шығып тұрады. Компания іріленіп, қанатын кеңге жайған сайын ол қоластындағы қызметкерлерін өз бетінше жұмыс істеуге үйреткен.

Фабрикаға барған сайын балаларын өзімен бірге ертіп алады. Оларға жүк тұрған залда үй тапсырмасын орындауына жағдай жасап, өзі тапсырыстарды қабылдауға кетеді.

Осылайша отбасы шаруасы мен бала тәрбиесін және бизнесті қатар алып жүрген әйелдің қажыр-қайраты жұртты қайран қалдырады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1630913-tort-balanynh-anasy-44-zhasynda-oz-enhbe.html