RU

Ернар Айдар жол апаты алдында пиар жасап, жұртты дүрліктірмек болған

Танымал әнші Сиви Махмуди әріптесі Ернар Айдардың құпиясын ашып қойды. Ол НТК арнасының "Ревю" бағдарламасына берген сұхбатында әншінің ағасы апатқа ұшырамас бұрын пиар жасап, елдің көзіне көрінгісі келгенін жеткізді деп хабарлайды NUR.KZ.

Көктемде Ернар Айдардың апатқа ұшырағанын естіген Сиви таңғалып, жұрт сияқты уайымдамаған. Себебі ол бұл апатты қолдан ұйымдастырылған қара пиар деп ойлапты.

Әншінің бұлай ойлауына Ернардың ағасы әрі продюсері Талғаттың аз уақыт бұрын айтқан сөздері түрткі болған.

Тағы оқыңыздар: Дәурен Айдарқұлов: Құдайдан маған күш пен шыдамдылық беруін сұраймын

"Өйткені оның алдында ағасы Талғат айтып жүр еді: "Бір пиар ұйымдастыру керек еді. Апатқа түсті деп айтамыз ба" деп. Сөйтсек пиар деп жүріп, арты шындыққа айналып кетті ғой", - дейді Сиви.

Естеріңізге салсақ, көктемде танымал әнші Ернар Айдар жантүршігерлік жол апатына түсіп, Алланың құдіретімен аман қалған еді. Бүгінде ол ота жасатып, денсаулығын қалпына келтіруде. Біршама уақыт төсек тартқан әнші аяққа тұрып, өз шығармашылық жоспарларын жүзеге асыруды қолға алған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1630953-ernar-aydar-zhol-apaty-aldynda-piar-zhas.html